Бүгін 15желтоқсан күні 4 “Ә”сынып жетекшісі Тлеужанова Алтын Сериковна қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Қаныш атам сияқты геолог боламын.Біріккен сөздер.
Мақсаты: күрделі сөздердің түрлерін ажыратады. (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз ).
Өткен сабақты пысықтау негізінде “LearningApps.org”
платформасын қолданып, ҚР картасы шығып оқушылармен геолог болып қалаларға саяхаттады.Оқушылар әрбір қаланың тапсырмасын орындап, өздерін бағалау картасымен бағалады. Жасанды интеллект, Wordwoll әдістерін қолданды.Сергіту сәті ұлттық құндылыққа толы болды. Сабақтың соңында Бәйтерек әдісі арқылы кері байланыс берілді. Сонымен қатар сабақтың соңында желтоқсан айының дәйексөзімен аяқтап, оқушыларға еліңнің патриоты және мақтанышы бол деген тілектер айтылды.







