📌 Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу – ортақ міндет
Мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған «Терроризм және діни экстремизм: қауіпті идеологиялардың алдын алу» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында терроризм мен діни экстремизмнің мәні, олардың қоғамға тигізер зияны, сондай-ақ радикалды идеологиялардың белгілері туралы кеңінен түсіндірілді.
🎥 Іс-шара аясында тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Бейнематериал арқылы қауіптің алдын алу, сыни ойлау дағдыларын дамыту және заңға қайшы әрекеттерден сақтану жолдары айтылды.
✅ Сабақтың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, бейбітшілік пен толеранттылық құндылықтарын қалыптастыру, қоғам қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
#ТерроризмгеЖолЖоқ
#ДіниЭкстремизмніңАлдынАлу
#ҚауіпсізМектеп
#тәрбиелікісшара







