oC

Ұлдар мен қыздар жиналысы өтті
Мектебімізде 17-19 желтоқсан аралығанда, 5 және 11 сынып арасында ұлдар мен қыздарға арналған бөлек тәрбиелік жиналыстар ұйымдастырылды. Жиналыс барысында жасөспірімдерге тән мінез-құлық мәдениеті, өзара сыйластық, жауапкершілік, жеке қауіпсіздік, кәлеметке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу және салауатты өмір салты туралы маңызды мәселелер қозғалды.
💬 Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Ұлдар жиналысында ер балаға тән жауапкершілік пен тәртіп, ал қыздар жиналысында әдептілік, өзін-өзі құрметтеу және болашаққа саналы көзқарас тақырыптары талқыланды.
🎯 Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тұлғалық дамуына қолдау көрсету, дұрыс құндылықтарды қалыптастыру және жағымды қарым-қатынас мәдениетін нығайту.
#ТәрбиелікЖиналыс
#ҰлдарЖиналысы
#ҚыздарЖиналысы
#СалауаттыӨмірСалты
#ҚауіпсізМектеп