Бастауыш сыныптар апталығы аясында 18 желтоқсан 2025ж
3 сынып оқушыларының арасында «Кітап оқу эстафетасы» іс-шарасын 3Б сынып жетекшісі Сексенбаева Ж.Д. өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру, оқуға деген сүйіспеншілігін, мәдениетін қалыптастыру, жылдам, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Сөздік қорын байыту,ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін көтеру.«Ертегі елі», «Жыр елі», «Ғажайыптар елі», «Білім елі» топтары болып бөлінді.Әр топ эстафета барысында түрлі тапсырмаларды орындады. «Жылдам оқырман», «Құпия хат», «Эмоция лотосы», “ Swap Readinq“-орын ауыстыру, «Оқуға шақыру», «Кері оқу әлемі» тапсырмалары берілді. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, әріптерден мағыналы сөздерді тауып, жылдам оқу әдістерін қолдана алды.Кітап — адамзаттың ең ұлы досы. Көп оқыған — озады, білімді оқушы — озат! Іс –шара соңында әділқазылар мүшелері топтарға «Ең шығармашыл топ», «Ең үйлесімді топ», «Ең ұйымшыл топ», «Ең белсенді топ» номинацияларымен дипломдарды табыс етті.







