oC

📣 Біздің мектепте емтихандар басталды.

📚 Бүгін мектебімізде аралық емтихандарды тапсыру кезеңі басталды. Емтихандар 31 мамырға дейін жалғасады.

📎 Биыл бірінші рет білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар үшін 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихадар өтеді. Емтиханның нақты уақыты Педагогикалық кеңесте қабылданылды. Емтихан екі бөліктен тұрады: оқылым және жазылым. Оқушылар эссе жазады. Эссе әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты-180 минутты құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген.

https://www.instagram.com/p/C7eSIzEtftY/