Мақтақыз бен мысық" қойылымы. 23.12.2024 жылы Бастауыш қауымдастығының апталығы аясында Мектепалды 0 "А" сыныбының сыныпішілік іс-шарасы ата-аналардың қатысуымен өтті. Оқушылар "Мақтақыз бен мысық" ертегісінің қойылымын сахналады. Мақсаты: ертегі мазмұнын ойнату арқылы театр мəдениетіне баулу.
Міндеттері:
1. Қоршаған орта, табиғат туралы түсінігін қалыптастыру.
2. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
3. Адал дос болуға тəрбиелеу. Оқушылар тек қойылым ғана көрсетпей, сонымен қатар өтіп кеткен Тәуелсіздік мерекесіне байланысты тақпақтар айтып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне байланысты өлең шырқап, тақпақ айтты. Іс-шара соңында әр оқушыға тәтті сыйлықтар таратылды. Барлық оқушылар белсене қатысып, келген ата-аналар жақсы әсер алып, тамаша көңіл-күймен қайтты.#бастауышапталығы
https://www.instagram.com/p/DD9x_A1Nm_Q/