oC

15 НАУРЫЗ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Ізгі ниетті жандардың айналадағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Халқымыз өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулыған. Осы орайда бүгін мектебімізде Наурызнама декадасы аясында қайырымдылық күні аталып өтті. Яғни, 4 - сынып және даярлық тобының оқушылары мен ата-аналары жәрмеңке ұйымдастырды. Жалпы жәрмеңкеден 39520 (отыз тоғыз мың бес жүз жиырма) теңге қаражат жиналды. Жиналған қаражатқа аз қамтылған отбасыларға азық-түлік алынып, көмек көрсетілетін болады.
#наурызнама
#қайырымдылықкүні

https://www.instagram.com/p/C4hqgc-rKr8/