oC

"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл" атты науқан аясында 8-9 сыныптар арасында мектепте ұлдар мен қыздарға арналған «Құрмет пен сенім» атты танымдық тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылар арасында өзара сыйластықты арттыру, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, бір-бірін тыңдау және түсіну дағдыларын дамыту болды.
Шара барысында қатысушылар:
🔸 Құрмет пен сенімнің мағынасы қандай?
🔸 Жеке шекараны сақтау не үшін маңызды?
🔸 Қарым-қатынас кезінде қандай қателіктер жиі кездеседі?
деген сұрақтарға бірге жауап іздеді.
Тренингте қызықты жаттығулар, рөлдік ойындар және топтық тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар бір-бірін тыңдап, пікір алмасып, өзара құрмет пен сенімнің кез келген қарым-қатынастың басты құндылығы екенін түсінді.
Осындай іс-шаралар жастардың мәдениетті, жауапкершілікті және бір-бірін сыйлайтын тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.
✨ Қауіпсіз, жан-жақты қолдауға толы орта — ортақ мақсатымыз!