oC

Шал ақын ауданының Жанажол ауылында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті. Бұл додада біздің мектеп оқушылары тамаша нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Қали Қуат – І орын

Өмірсерік Ясмина – ІІ орын

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Олардың жетістігі – мектебіміздің мәртебесі мен мақтанышы. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Бапкері Марат Серікұлын да айрықша құттықтаймыз! Оның шәкірттеріне бағыт-бағдар берудегі ерен еңбегі мен табандылығы осы жарқын нәтижелердің басты себепкері болды. Марат Серікұлының тәрбиесі мен шеберлігі жас спортшыларға жігер беріп, үлкен жеңістерге жетеледі.

Осындай кәсіби, талапшыл әрі жанкешті бапкердің еңбегі зор құрметке лайық. Шәкірттерінің жемісті жетістіктері – оның үздік жұмысының айқын көрінісі.