Мектеп өмірінен бір күн
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» аясында мектебімізде мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады. Бүгінгі таңның басты мақсаты – жастарға өз құқықтарын білу, жеке шекараны сақтау, бір-біріне қолдау көрсету және зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастырудың маңызын түсіндіру болды. Науқан аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар оқушылардың сана-сезімін арттырып, жауапкершілік пен құрмет мәдениетін қалыптастыруға жан-жақты ықпал етеді.
✨ Әр күн — әділетті және қауіпсіз қоғам құруға жасалған маңызды қадам!






