oC

25 cәуір күні 2 "Б" сыныбымен музыка пәнінен «Құстар әні» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Оқушылардың эмоциялық елгезектігі мен музыкалық қабілеттің жетілдіруіне және ой қызметін күшейтуге көмектесу. Үнтаспа арқылы құстардың дыбысын ажырата алу.
Ашық сабақ барысында қазақ халқының құстарға арналған Сүгір Әліұлы «Аққу» күйін тыңдады. Қазақтың көнеден келе жатқан аспаптық музыкасын тыңдау негізінде танымдық мүмкіндері арттырылды. Мультфильмді тамашалау арқылы сюита музыкалық шығармасымен танысты. Сонымен қатар, оркестр ритмға байланысты қағазбен жаттығулар орындады. Ұлттық аспаптардан құралған оркестр "Қамажай" халық әнін орындады. Әндер шырқап, құстардың нышандарын сурет арқылы жеткізе білді.