oC

Ағымдағы жылдың 29-шы сәуірінде мектебіміздің 9 - сынып оқушыларына ұйымдастырылған Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылар арасында "Жастардың іскерлігі 2024 жылғы" чемпионатында 9 - "Ә" сынып оқушысы Нурмуканов Нурислам мен 9 - "А" сынып оқушысы Төрехан Әділет өз бақтарын сынап білім додасына қатысты. Н.Нурислам "Жылу техникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері" номинациясы бойынша III - орын және Ә. Төрехан "Машина жасау технологиясы" құзыреттілігі номинациясы бойынша қатысушы сертификатымен марапатталды. Болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай оны іс жүзінде көрсетіп, өз білімдерін шыңдады. Алдағы уақыттағы Мемлекеттік емтихандардан сүрінбей өтіп өздерінің қалаған мамандық иелері болуларыңа шын жүректен тілектеспіз!