oC

ҰБТ – ға психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек?

Тест тапсыруды ешкім арнайы үйретпейді, сондықтан сәйкес психотехникалық білімдер өте пайдалы. Олар тестілер мен емтихандарға дайындықтың нәтижелігін арттырып қана қоймай, тест уақытында өзін жақсы ұстауға мүмкіндік береді, ой жұмыстары дағдыларының дамуына әсер етеді, шешуші сәттерде өзін қолға алуға, өзіндік эмоцияларға ие болуға үйретеді. ҰБТ процедурасы жоғары жинақылықты, ойды жинақтауды, ұқыптылық пен ыхтияттылықты, жоғары икемділікті талап етеді: бір тапсырмадан екінші тапсырмаға тез ауысу қажет.
Тестілерді тапсыру процесінің психологиялық жабдықталуы туралы сұрақты талқылай отырып, 3 негізгі кезеңді атап өту қажет:
1. Тестке дайындық, тест алдында оқу материалын меңгеру;
2. Тестілеу алдындағы көңіл – күй;
3. Тест уақытындағы көңіл – күй.
Емтихандарға, тестілеуге қалай дайындалу қажет:
Дағдарысты жағдайда бастарыңыз айналып қалмауы үшін өз мақсаттарыңызға жету үшін аса ауқымды міндеттер қоймаңыз.
Жағдай ушыққанын күтудің қажеті жоқ. Тестілеуге дайындықты алдын ала, сабырлықпен, аздап, бөлшектеп бастау керек.
Ой мен күшті жинау өте қиын болса, бірінші ең оңайын жаттап алып, содан соң қиын материалды меңгеруге ауысу керек. 2023-2024 оқу жылының мектеп түлектеріне ҰБТ-ді сәтті әрі жеңіл тапсыруларына шын жүректен тілектеспіз!