oC

Наурыз мейрамы қарсаңында, мектебімізде "Қош келдің әз-Наурыз"атты 7А сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Наурыз мейрамының тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.;Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасы құндылықтарын,салт-дәстүрлерді жаңғыртып,қазақтың ұлттық ойындарын көрсетіп,ән айтып,би билеп белсенділік танытты.
Сынып жетекшісі: Исмаилова Ж.А.
#біртұтас_тәрбие

https://www.instagram.com/p/C4qU-eRNyVv/