oC

«ENGLISH SONG CONTEST» АҒЫЛШЫН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Ағымдағы жылдың 29 ақпанында «Еnglish song contest» ағылшын өлеңдерінің фестиваль-байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
 Оқушылардың көркемдік-эстетикалық, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
 Ағылшын тілін оқытуды қызықты әрі табысты етуге ұмтылатын бастамашыл мұғалімдерді қолдау;
 Ағылшын тілі мұғалімдерін ағылшын тілді елдердің ән шығармашылығы музыкалық мұрасын зерделеу арқылы шет тілін оқыту әдістемесін тиімді пайдалануға тарту;
 Басқа елге, оның халқына, дәстүрлері мен мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Байқауға 5-11 сынып оқушылары 3 санат бойынша сынға түсті.
Аталмыш байқауға мектебіміздің 6-сынып оқушылары Ербұлан Айзат, Ерсайын Султана, Мурзаханова Мадина 5-8 сынып оқушылары арасындағы санатта «We are the world» әнін орындап, 34-ке жуық қатысушының арасынан жүлделі 1 орынға ие болды. Оқушыларымыздың жетекшісі мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Казиева Бибігүл Қайыржанқызы. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отыра, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!