oC

14 НАУРЫЗ - КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ
Мектебімізде 14 наурыз-көрісу күні аталып өтті. Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін  көрсету.

Бүгіні күнге  жауаптылар 1 сынып мұғалімдері: Сексенбаева Ж.Д.,Жакупова Г.Б.,Кусаинова А.Н, Арыкова Д.Т. Бірінші қабатта «Көрісу күні, амал күні құтты болсын» ән шашу мен слайд,бейнеролик көрсетілді. Осы күн туралы мағұлмат берілді.

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.

Бұл күні ешкім ешкімге ренжімей, жайдары жүру керек. Көрісуге келмеген адамға «Көрісіп шықпады» деп реніш білдіру орынды саналады. Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!

https://www.instagram.com/p/C4e4YZQtJsh/