oC

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
Бұл елдегі тыныштық пен ынтымақтың, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласын білдіреді. Өйткені Қазақстан жерінде түрлі этнос өкілдері аралас-құралас, тату өмір сүріп келеді. Бұл күн – түрлі этнос қана емес, әр қазақстандықтың бір-біріне деген құрметін, сыйластығын білдіретін күн.
Осы күні мектебімізде «Алғыс анаға, алғыс әкеге, алғыс елдің бәріне!» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды сыйластыққа,достыққа, мейірімділікке, алғыс айтуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар Отанға, туған жерге, елге, ата-анаға, досқа, ұстазға деген алғыстарын өлең, әндер арқылы жеткізе алды.
#алғысайтукүні
#алтынжүрек

https://www.instagram.com/p/C3-2napNHOE/