oC

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 6 наурыз күні «Ана - өмірдің шуағы» атты мерекелік тәрбие сағаты өтті.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні шиелілік аяулы қыздарымыздың құрметіне арналды.
Мақсаты:
Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушының бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Іс - шара барысында оқушыларға мерекенің шығу тарихы айтылып, аруларымыз бір біріне құттықтау тілектерін айтты.
#біртұтас_тәрбие
#халықаралықәйелдеркүні

https://www.instagram.com/p/C4LVQpXtCYi/