oC

7-наурыз мектебіміздің ерлер қауымы мен оқушылардың, іс-тәжірибеден өтуші студенттердің ұйымдастыруымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!» атты мерекелік концерттік бағдарлама болып өтті.
Аталмыш мерекелік концерт салтанатты түрде әйелдердің қоғамдағы айрықша орнын, отбасындағы маңызын және барлық салалардағы белсенді қызметін жан-жақты айғақтайтын тақырыптарды арқау еткен мағыналы мәнімен ерекшеленді.
Концерт барысында әйелді ана ретінде асқақтатқан әсерлі өлеңдер оқылып, көркем көріністерден «Әйел-Ана» образы жасалды. Мектебіміздің әншілерінің орындауындағы ана тақырыбындағы әсем ән әуендері нәзік жанды аруларды айрықша тебіреністі күйге бөледі.
Әзіл-оспақпен және қалжыңмен көмкерілген қойылымдар арқылы да әйелдер өмірінің шынайы бейнесі жасалып, әйел затының аяулы ана, адал жар, жауапты қызметкер ретіндегі айрықша рөлі көрсетілді.
Аталмыш шара қоғамның әйелдерге деген айрықша құрметін айғақтайтын салтанатты игі бастама болды.
#8наурыз

https://www.instagram.com/p/C4XitgBtul1/