oC

2023 – 2024 оқу жылына арналған мектепішілік Ата – аналар лигасының 2 кезеңі.🥇
Мақсаты мен міндеттері:
1. Ата-аналар мен мұғалімдер және оқушылар арасында патриоттық сезімді дамыту;
2. Мектеп ата – аналарын спортпен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сонымен қатар мектеп ұжымымен ара қатынастарын ұлғайту.
3. Елбасының жолдауынан туындайтын іс – шараларды жүзеге асыру мақсатында бұқаралық спортты арттыру.
Тартысты ойын өз жалғасын табуда. Волейболдан, үстел теннисінен, асық атудан өткен қызу ойын, жанкүйерлердің ыстық ықылас- лебіздері қатысушыларды да, оқушыларды да, ұстаздарды да бір шабыттандырып, серпілтіп тастады. Бірлігіміз бен ынтымағымыз артып, дені сау, білімді ұрпаққа өнеге болатындай ісіміз баянды болсын!🏆🏅🥇⚽

https://www.instagram.com/p/C3DK-lwLfd7/