oC

2024 жылдың 6 ақпанында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Кемел ұрпақ» облыстық математикалық турнирінің қалалық кезеңі ұйымдастырылды.
Турнирдің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын, математикалық қабілеттерін анықтау, қолдау және дамыту. Аталған іс-шараға білім беру ұйымының 114 оқушысы қатысты. Мектебіміздің оқушылары да аталмыш турнирге қатысып, 2-сынып оқушысы Берік Әмірхан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Әмірханның жетекшісі Жукенова Жанар Тулегеновна. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы кезеңде де сәттілік тілейміз!

https://www.instagram.com/p/C3Fes-cNJMk/