oC

"Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз. Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты", - деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бүгін мектебімізде «Ұлттық киім кию» күні аталып өтті. Сонымен қатар, оқушыларымызбен үзіліс уақытында қазақтың ұлттық ойындары «Ләңгі тебу», «Арқан тартыс», «Асық ату», «Бес тас асық» ойнатылды. Өскелең ұрпақтың ой-өрісін дамыту мақсатында «1 мақал-1бауырсақ», «Қызықты викторина» ойындары өткізілді.
#біртұтас_тәрбие
#ұлттыққұндылық
#ұлттықкиімкиюкүні