oC

Мектепішілік бақылауға сәйкес ақпан айында педагог-модератор және ІІ санатты ұстаздарымыздың ашық сабақтары жоспарланды. Ақпанның 19 жұлдызы 2 “А” сыныбында қазақ тілінен “Зат есім” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Зат есімдерді тауып, оларға сұрақ қою. Мәтіннен зат есімдерді таба білу. Сөз таптарын ажырату. Ұлтымыздың салт-дәстүрімен танысу.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында “Ой қозғау” әдісі wordwall платформасы арқылы жүзеге асырылды. Жеке жұмыс, жұптық жұмысты балалар жылдам, әрі тез орындады. Мәтінмен жұмыс, тақтамен жұмысқа балалар белсене қатысты. Сабақты қорытындылау мақсатында “Кім жылдам” әдісі learningapps платформасы қолданылды. Сабақты бекіту мақсатында тест жұмысы алынды. Сабақта ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында кері байланысқа және өзін-өзі бағалауға асық бағалау шәкілі пайданалынды. Балалар өз-өздерін 8,9,10 баллдық шәкілмен бағалады

https://www.instagram.com/p/C3hsqRxrAdW/