oC

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ұлттық киімімізді насихаттау мақсатында, әр жұма сайын барлықтарыңызды дәстүрлі қазақ киімдері мен әшекей бұйымдарын киюге шақырамыз! Сондай-ақ қазақ тілінде әңгіме –дүкен құрып, мемлекеттік тілдің таралу аясын кеңейтуге үлес қосайық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көп қырлы ұғым. Халқымыздың төлмәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында, я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз. Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты» ,- деген болатын.
Барлықтарыңызды белсенділік танытып, ұлттық құндылығымызды бірге дәріптейік!
#біртұтас_тәрбие

https://www.instagram.com/p/C2rjA9itslY/