oC

Ағымдағы жылдың 24 мамырында мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Үздік ұстаз-ғибратты үлгі» атты үздіктен үйрен жобасы аясында мектепішілік семинар ұйымдастырылды.
Жобаның мақсаты педагогтің кәсіби шеберлігін жоғарылату жүйесін жақсарту, педагогтардың кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ететін педагогикалық ғылым мен тәжірибесін анықтау, зерделеу, озық педагогикалық тәжірибені ұжым арасында таратып, танымал ету.
Міндеттері: Озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, қорыту және тарату жөніндегі жұмыстың негізгі міндеттері:
 педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
 педагогтардың ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу қызметі үшін жағдай жасау, ынталандыру.
 мектепте озық педагогикалық тәжірибенің ашық ақпараттық алаңын құру;
 озық тәжірибені жалпылау өнімдерін шығару.
Аталмыш байқауға мектебіміздің 4 әдістемелік қауымдастығынан 4 әріптесіміз қатысты. Атап өтер болсақ, «Эстетика» ӘҚ Жакилов Нұрдәулет Өмірзақұлы «Тақырыптық жобалау+құндылық» тақырыбында, «Қоғамдық-гуманитарлық» ӘҚ Кожанова Рахия Жарқыновна «Тәжірибеге негізделген сабақ+құндылық» тақырыбында, «Бастауыш» ӘҚ Кусаинова Алима Ниязовна «АКТ байланысқан сабақ+құндылық» тақырыбында, «Жаратылыстану-математикалық» ӘҚ Кожахметова Ақмарал Ерболатқызы «Пәнаралық байланыс+құндылық» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Әр әріптесіміздің бөліскен жұмыстары өте құнды, әрі мәнді болды. Әр мұғалімнің тәжірибесінен өз пәндеріне қажетті тұстарды мұғалімдеріміз түртіп алды. Байқаудың қорытындысы бойынша 3-ші орынды бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова А.Н. және денешынықтыру пәні мұғалімі Жакилов Н.Ө. иеленсе, 2 орынды информатика пәні мұғалімі Кожахметова А.Е. алды. Жүлделі 1 орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Кожанова Р.Ж. қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен маратпатталды. Сонымен қатар, семинар аясында өз іс-тәжірибесімен бөліскен денешынықтыру пәні мұғалімі Жунусов Бейбіт Хасенович Әлихан Бөкейхан төсбелгісімен марапатталды. Аталмыш семинарға ат салысып, қатысқан барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз, жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Бұл жоба алдағы уақытта өз жұмысын жалғастырады.