oC

Қаныш Сәтбаевтың есімі әр қазақстандыққа белгілі. Қазақстанда ғалымның туған күні — 12 сәуір. Бұл күн ресми түрде барлық ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып танылғаны кездейсоқ емес. Қаныш Сәтбаев отандық ғылымды өзгертіп қана қоймай, бүкіл елдің әдет-ғұрпын түбегейлі өзгерткен кейбір маңызды оқиғаларға да әсер етті. Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жылдық мерейтойына орайластырылып, мектебіміздің 2023-2024 оқу жылында үздік деп танылған оқушыларымыздың жобалары көпшілікке таныстырылып, жеңімпаз оқушылар алғыс хатпен және арнайы "Қаныш ізбасары" атты төсбелгімен марапатталды. Сонымен қатар мектеп ұжымында жұмыс атқарып жүрген магистрлік ғылыми дәрежесі бар ұстаздар да арнайы төсбелгімен марапатталды. Алдағы уақытта Қаныш Сатпаевтың ізін жалғаушы оқушыларамыз көп болады деген үміттеміз. #қанышсәтпаев