oC

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен академик Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында «Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсын» өткізген болатын.
Конкурстың мақсаты – математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Конкурсқа ағымдағы жылғы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық туры бойынша I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған 11(12) сыныпта оқитын қазақстандық жеңімпаз оқушылар мен шетел мектептерінің ұлттық ғылыми жарыстарының жеңімпаздары қатысады.
Конкурста «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика» және «Экономикадағы математикалық әдістер» атты төрт секция бойынша 85 жобаны ұсынған 110 оқушы қатысты.
Аталмыш жобаға мектебіміздің 11-сынып оқушысы Сабыров Фархат «Экономикадағы математикалық әдістер» секциясы бойынша қатысып, үздік жетістігі үшін грамотамен марапатталды. Фархаттың жетекшісі мектебіміздің география пәні мұғалімі Башарова Жанар Саматовна. Қоса айта кетейік, аталмыш конкурсқа оқушыларымыз екінші жыл қатарынан қатысып, үздік жетістік көрсетіп жатыр. Жетістік әкелген оқушымыз бен әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!