📖 АБАЙ СӨЗІ – ҰЛТҚА АЙТЫЛҒАН АМАНАТ
✨ 10 тамыз – Абай күні!
Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттың өткені мен бүгінін жалғаған алтын көпір.
Абай өз шығармаларында елінің болашағын ойлап, халқының білімді, еңбекқор, саналы әрі бірлікті болғанын қалады. Оның ел тағдырын толғаған өлеңдерінің бірі – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».
Бұл шығармада ақын халқына деген терең жанашырлығын білдіріп, ел ішіндегі келеңсіз құбылыстарды ашық сынай отырып, жұртын оянуға, түзелуге, білім мен парасатқа ұмтылуға үндейді.
🎙️ Абай күнін атап өту аясында Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бостан Ерқанат Қуанышбекұлы ұлы ақынның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін мәнерлеп оқып, Абайдың ел тағдырына алаңдаған терең ойларын көпшілік назарына ұсынды.
Ақынның:
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың…»
деп басталатын мұңлы да өткір жолдарынан туған халқына деген алаңдаушылық пен азаматтық үн анық сезіледі.
🌿 Абай сөзі – өткеннің үні ғана емес, бүгінгі ұрпаққа да ой салатын өмірлік бағдар.
Ұлы ақынның шығармаларын оқу арқылы бі




