oC
×

Ескерту

The form #1 does not exist or it is not published.

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫН ТӘРБИЕЛЕУ – БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ

«Жаңа Қазақстан азаматын тәрбиелеу: Конституция құндылықтары – адами капиталды дамытудың негізі» тақырыбында педагогтердің облыстық Тамыз кеңесі Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында өтті.

📚 Тамыз кеңесі – жаңа оқу жылына бағыт-бағдар айқындап қана қоймай, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң.

Кеңес барысында Конституциялық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік, ұлттық тәрбие, білім сапасы және адами капиталды дамыту мәселелерінің өзара сабақтастығына ерекше назар аударылды.

🇰🇿 Себебі бүгінгі мектептің міндеті – тек білімді ұрпақ қалыптастыру емес, өз елінің тарихын білетін, заң мен құқықты құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары, ойы еркін, білімі терең және қоғамға пайдалы азамат тәрбиелеу.

Педагог – осы үлкен мақсаттың негізгі қозғаушы күші. Сондықтан мұғалімнің кәсіби дамуы мен жаңа ізденістерге ашық болуы – білім сапасының маңызды кепілі.

✨ Облыстық Тамыз кеңесі аясындағы мазмұнды пікір алмасу мен кәсіби диалог педагогтерге жаңа оқу жылына тың серпін, жаңа идея ж�