Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1575364072

"№25 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ

  • ru
  • kz
  • en


  • ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, ТІЛШІ:

    - Қазақстан Коституциясы күніне орай Петропавлда жаңа мектеп ашылды. Көп ұзамай, мына үш қабатты, кең, әрі жарық білім ордасы береке ықшам ауданында тұрып жатқан 500 баланы қабылдайды. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығын облыс әкімі Құмар Ақсақалов келіп байқады.

    Мектеп 600 балаға шақталған. Оның құрылысы 2017 жылдың желтоқсанында басталды. Ал биыл жаңа оқу жылында есігін айқара ашады. Жұмысты «СК Зерттеу» мердігер компаниясы жүргізді. Білім ордасы соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған.

    СӘУЛЕ ТҰРСЫНОВА, №25 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

    № 25-ші жалпы білім беретін орта мектеп қазақ тілінде оқытады. Оқу процессі бір ауысымда жүргізіледі.  Өңір басшысы сыныптарды аралап, балаларға жасалған жағдаймен танысты.

    Мектептің тағы бір ерекшелігі, мұндағы спорт залының аумағы өте үлкен - 620 шаршы метр. Негізгі пәндерден бөлек түрлі шеберлік сыныптары да бар. Балаларды қыш құмыра жасауға, ағаш және темір ұсталардың ісіне, іс тігу мен аспаздыққа үйретеді.

    БҮРКІТ БАЯНОВ, №25 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТІҢ КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

     Жаңа білім ордасының ашылуы Береке ықшам ауданының тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Айгерім Байғожина 7 жасар ұлын  үйінің қасында тұрғызылған, әрі қажетті жағдайдың бәрі жасалған метепке беріп жатқанына риза.

    ӘЙГЕРІМ БАЙҒОЖИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

    Бір айта кететіні, Назарбаев зияткерлік мектебін санамағанда облыста бюджет қаражатына соңғы рет білім ордасы 12 жыл бұрын салыныпты.

    ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

    Келер жылдары облыста тағы екі мектептің құрылысы жоспарланған. Оның біреу Қызылжар ауданының Бескөл елді мекенінде салынса, екіншісі Тайынша ауданыныда бой көтермек.

    Әсел ОРАЗБАЕВА

    Тізім бос

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт сізге ұнайма ???

    Дауыс беру

    Керекті сілтемелер