4 тоқсанның басында оқушылардың тамақтану сапасы тексерілді. Тексеру барысында асхана жағдайы барлық медициналық және әлеуметтік жағдайға сай келетіні байқалды.
Қаңтардың 17 күні мектебіміздің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мүшелері өзінің кезекті тексерісін өткізді. Комиссия мектептің буфетіндегі асхана әзірлеген өнімдерінің сапасы мен сатылым құнын тексерді. Буфеттегі өнімдердің түрлері мен сатылым құндары тізімдемесі ілініп қойылған. Пісірілген өнімдер сол күні дайындалған, дайын алынған тағамдардың мерзімдері жарамды, өнім сертификаттары бар. Барлық сатылымға қойылған өнімдердің құны жазылған. Өнімдердің сапасы бойынша ескертулер болған жоқ, асхана мен буфетте сатуға тыйым салынған өнімдер анықталған жоқ.
\ Күнделікті ас мәзірі
"Ас - адамның арқауы" демекші, 2021-2022 оқу жылының 2 қыркүйегінен бастап 0-11 сыныптар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Ең алдымен баса назарды тамақтың сапасы, уақытылы тамақтанулары, барлық санитарлық жағдайларды сақтай отырып, тамақ ішу кестесі құрылды. Осы орайда кезекші мұғалімдер қойылды.