Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1575364072

Әлихан Бөкейхан атындағы
№25 жалпы білім беретін орта мектеп

  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Категории

    Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» атты республикалық математикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы

    Ағымдағы жылдың 21 қарашасы қалалық бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының қызметі аясында «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.

    Олимпиаданың мақсаты жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындалуда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру болып табылады.
    Олимпиада 3 блоктан тұрды.
    1 блок: бос орынды толтыру;
    2 блок: дұрыс жауапты таңдау;
    3 блок: шешімін тауып, дәлелдеу.
    Тапсырмалар логикалық ойлауды, стандартты емес тәсілді, есептерді шешу жылдамдығын арттыруға бағытталған.
    Аталмыш олимпиадаға облыс орталығының 35 білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысқан болатын. Мектебімізден Қайыржанова Толқын Жылқыбаевна мен Габдулина Замзагүл Берлиновна өз бақтарын сынап, Замзагүл Берлиновна жүлделі ІІ, ал Толқын Жылқыбаевна ІІІ орынды қоржындарына салды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, облыстық кезеңге жолдама алған Замзагүл Берлиновнаға үлкен додада да жеңіс тұғырынан көрінуіне тілекшіміз.
    https://www.instagram.com/p/ClV9DagNHEM/ 

    24.11.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент
    Жолдауы

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт сізге ұнайма ???

    Дауыс беру

    Керекті сілтемелер