Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1575364072

Әлихан Бөкейхан атындағы
№25 жалпы білім беретін орта мектеп

  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Категории

    «ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЫНТАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН САБАҚТЫҢ ТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ БАҚЫЛАУ-БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ»ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ТУРЫНЫҢ ПАНОРАМАЛЫҚ САБАҚТАР БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

    Ағымдағы жылдың 3-8 қарашасы аралығында «Петропавл білім бөлімі» КММ ұйымдастырған «Оқушылардың ынтасын арттыру үшін сабақтың түрлі кезеңдерінде бақылау-бағалау қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық байқаудың қалалық турының панорамалық сабақтар байқауы өтті.

    Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
    - оқушыларды оқытуда әрекеттік тәсіл идеяларын практикада іске асыратын шығармашыл жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау;
    - МЖББС сәйкес қызметтік даму парадигмасын іске асыру арқылы білім берудің сапалы жаңа нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған қазіргі заманғы білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
    - мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және ынталандыру;
    - педагогикалық тәжірибені жалпылау формаларын жетілдіру ;
    - педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру.
    Байқаудың пәндері қазақ тілі, орыс тілі, математика, әдебиеттік оқу, жаратылыстану және дүниетану пәндері болып табылды.
    Аталмыш байқауға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Тлеужанова Алтын Сериковна қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!
    https://www.instagram.com/p/ClEQH-7NEnL/ 

    18.11.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент
    Жолдауы

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт сізге ұнайма ???

    Дауыс беру

    Керекті сілтемелер