-
Мектеп өміріндегі тағы бір әсерлі әрі нәтижелі күн артта қалды!
Біздің мектепте білім мен ғылымды тоғыстырған «Интенсивті апта» аясында күн сайын мазмұнды танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгінгі күн «Зерттеушілік қызмет: қызығушылықты оятудан кәсіби бағдар беруге дейін» тақырыбына арналды.
Бүгінгі күннің негізгі түйіні:
* Ізденіс пен таным: Оқушылардың ғылымға деген алғашқы қызығушылығын оятып, оларды кішігірім жаңалықтар ашуға қанаттандырдық.
* Кәсіби бағдар: Зерттеу жүргізу арқылы оқушы өз қабілетін танып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға алғашқы қадам жасайды.
* Тәжірибелік мән: Теориялық білімді іс жүзінде қолданып, сыни ойлау мен талдау дағдыларын дамытуға басымдық берілді.
Ғылымға құштарлық — бұл жай гана білім емес, ол болашақ болашақ мамандықтың берік іргетасы. Ізденімпаз оқушыларымыздың әрбір кішкентай зерттеуі ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы болсын! 💡✨
#ИнтенсивтіАпта #ЗерттеушілікҚызмет #БілімБеру #КәсібиБағдар #МектепӨмірі ОқушыҒылымы БолашақМамандық




