oC
×

Ескерту

The form #1 does not exist or it is not published.

🌿 «Адал азамат – ұлт болашағы: ұстаздың рөлі мен жауапкершілігі»

Мектебімізде «Адал азамат – ұлт болашағы: ұстаздың рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел және сынып жетекшілер отырысы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұстаздардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру жолдарын талқылау.

🔹 Дөңгелек үстел барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудағы ұстаздың рөлі, тәрбие жұмысындағы тиімді әдіс-тәсілдер, оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

🔹 Сынып жетекшілер отырысында тәрбие жұмысының өзекті мәселелері, оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы, ата-аналармен тиімді байланыс орнату және сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру бағыттары қарастырылды.

🤝 Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан әрбір педагогтің кәсіби шеберлігі мен азаматтық жауапкершілігі жас ұрпақтың болашағына тікелей әсер етеді.

Адал ұрпақ – жарқын болашақтың негізі! 🇰🇿

#АдалАзамат #ҰлтБолашағы #БіртұтасТәрбие #ҰстазЖауапкершілігі #СыныпЖетекшілер ТәрбиеЖұмысы

https://www.instagram.com/p/DciDBTCNPKE/