Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1575364072

"№25 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ

  • ru
  • kz
  • en
  • 2021-2022 оқу жылыныңӘлеуметтік психологиялық қызмет жоспары
    "Сенім жәшігі" бұйрық
    "Медиация" бұйрық

     


    "Балаға Like" Республикалық акция


    2022ж 14сәуірінде №2қалалық емхананың маманы Сайдулаев С. У Мектебіміздің 7-11 сынып қыздарымен "Ерте жүктіліктің алдын-алу" , "Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы" жөнінде дәріс өткізді. Сонымен бізге мектеп медбикесі оқушылардың жеке гигиенасы туралы, әлеуметтік ұстаз Тастемирова Д. Р. қыз балалардың тазалығына баса назар аударып айтты.


    №2 қалалық аурухана маманы Сайдулаев С. У. 9-10-11 сынып оқушыларымен "Медбике мамандығын таңдау" бойынша дәріс сабағын өткізді.


    2022ж 15 сәуірі күні бастауыш сыныптарында "Жасөспірімдердің жолда жүру ережелері" , "Өрттік апаттан қорғану" жолдары тақырыбында офлайн кездесу өтті. Оқушылар өздеріне қызықты сұрақтарын қойды.


    2022 жылдың 18 сәуірінде №25жалпы білім беретін орта мектебінде 5-6 сыныптар арасында: " Құқық бұзушылық тың алдын алу", " Жолда жүру ережесі " жайында дәріс сабақ өткізіліп, бейнебаян көрсетілді.
    Мақсаты: Оқушылардың "зиянды заттардан алшақ болуы.


    7-11сыныптар оқушылары арасында өткізілген "Құқық бұзушылықтың алдын-алу", "Темекінің зияны", " Жолда жүру ережелері " тақырыбындағы дәріс сабақ.


    "Мейірімді жүрек" атты көмек көрсету тобы құрылды


    Буллинг туралы ақпараттар: 



    Білім беру саласында буллингтың алдын алу бойынша әріптестер 8 сағаттық курстан өтті

    Психологиялық көмек телефоны
    Қазақстанда балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары үшін "Психологиялық көмек телефоны " ұйымдастырылды.
    Тәулік бойы 8 800 080 81 50 телефоны бойынша ақпараттық, консультациялық, психологиялық көмек алуға немесе бала құқықтарын бұзу фактілері туралы хабарлауға болады.
    Қиын өмірлік жағдайлар туындаған жағдайда СІЗ кедергісіз СЕНІМ телефондарына жүгіне аласыз.
    Сенім телефоны-бұл шұғыл психологиялық көмектің тегін АНОНИМДІ қызметі.

    Мектеп психологы Г.Б.Кабошева 9-11 сынып оқушылырымен «КӘСІПТІК БАҒДАР» бойынша кездесу ұйымдастырды. Оқушыларымызға алдағы уақытта үміркер ретінде өз жұмыстарын насихаттау бойынша төмендегідей оқу орындарының білікті мамандары сөз алып, оқушыларымызға болашақта оқу орындарына түсуге үлкен мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді.
    - «Малик Габдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясы»;
    - «Солтүстік Қазақстан Университетінің қарамағындағы Колледж»;
    - «Жоғарғы Құрылыс-Экономикалық колледж»;
    - «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж»
    Жоғарғы оқу орындарының ұстаздарымен осындай кездесудің мақсаты - мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру. Оқушыларды,ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.
    Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
    — оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
    — кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
    — мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
    — оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
    Оқушылар мамандықтарға деген қызығушылықтарын танытып, өз сұрақтарына жауап ала алды.
    Жоғарғы оқу орнына түсетін үміткер оқушыларымызға сәттілік тілейміз! 

    №25 жалпы білім беретін орта мектеп" қабырғасында 7-11сыныптар арасында "Интернет желісінде белгісіз топтарда оқушылардың отыруын алдын-алу", " Оқушылар арасындағы суицид пен терроризмнің алдын-алу", "Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік" тақырыптарында профилактиқалық әңгіме өткізді. Оқушылар арасынан сұрақтар қойылып, өз сұрақтарына толық жауап ала алды. Бұл әлеуметтік ұстаз бен мектеп инспекторы оқушыларға дәріс өткізді.

    Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына қоғамның назарын аудару, төтенше жағдайда әрекет етуге дағдыландыру мақсатында "Қ. Р. төтенше жағдайлары департаменті" ұйымдастыруымен іс шаралар өтті. Ақпан айының 28 жұлдызы оқушыларға арналған қалалық деңгейде болған іс-шараға мектебіміздің 6б сыныбы оқушылары қатысып келді.
    Наурыз айының 1 күні "Қ. Р. төтенше жағдайлары департаменті" қызметкерімен 9-10 сыныптар оқушыларына арналған дәріс сабағы өтті. Төтенше жағдай болған кезеңдегі басты қолданылатын шаралармен және өрт сөндіру техникасымен жақынырақ таныстырды.
    Іс-шара оқушылардың көңілінен шығып, керемет әсерде болды.Осы орайда ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.

    Қазіргі таңда баланың шығармашылық қабілетін арттырудағы ең жақсы, тиімді әдістің бірі: арт - терапия әдісі болып табылады. Арт - терапия элементтік жаттығулары, шығармашылық әрекеті балаға өзін тануға мүмкіндік береді, өзінің қарым –қатынасын, бүкіл әлемге және айналасындағы адамдарға танытады. Бала шығармашылығы ол оның шынайы өмір көрінісі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін.
    Арт - терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт - терапия терминін ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
    Мектебіміздің педагог-психологі Г.Б. Кабошева 4 «А» сынып оқушыларына арт терапия әдісін қолданып, таныстырды. Арт терапияның негізгі мақсаты - баланың өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі тануын өнер арқылы дамыту.

    Мектебіміздің оқушыларына өрт сөндірудің ерекшелігі мен қауіпсіздікті сақтау жолдары мақсатында онлайн кездесу өтті. Оқушыларға сұрақ қойылды және өздеріне қажетті мағлұматтарды сақтап қалды

    "Ұранды елдің ұрпағы қайсар" атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отаншылдыққа мінез құлықтарының беки түсуіне ықпал ету, адамгершілікке, рухты болуға тәрбиелеу болды. Бұл іс- шараға өздерінің тәржірбиесімен, өмірлік ұстанымдарымен, сонымен қоса бұрыңғы мен қазіргі тәрбиенің мәні туралы ой бөлісуге қадірлі қонақтар келді.

    Мектебіміздің 1-4 сыныптар үшін "Адал болу адамға не үшін қажет?", 5-7 сыныптар үшін «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс», 8-11сыныптар үшін «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты барысында сынып жетекшілері сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін, сондай-ақ, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіп екенін айтып өтті. Сонымен қатар, оқушыларымыз Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңның 2, 3 , 5, 14, 24 баптарымен таныстырылып, ақпарат алды. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күрестін бір күш болуы қажет. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту.

    "Күшіміз бірлікте" атты акция қарсаңында мектебіміздің оқушылар арасында Баяхмет Максаттың ем шипасына қол ұшын тигізу мақсатында қайырымды іс-шараға қатысып белсенділік танытты. Жасап жатқан әрбір игі істер Алладан екі еселеп қайтсын деймін!!! Әр істеріңізге береке берсін.
     


    Ақпанның төрті күні мектебімізде 10-сынып оқушыларына "Қоғамдық даму және ақпарат орталығы" КММ конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің маманы Бердагулова С.С. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында лекция онлайн оқыды. Ол сөзінде терроризм, экстремизм, ғаламтор арқылы арбау туралы ақпарат беріп, олардан сақтану жолдары туралы айтып өтті.Ақпанның төрті күні мектебімізде 10-сынып оқушыларына "Қоғамдық даму және ақпарат орталығы" КММ конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің маманы Бердагулова С.С. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында лекция онлайн оқыды. Ол сөзінде терроризм, экстремизм, ғаламтор арқылы арбау туралы ақпарат беріп, олардан сақтану жолдары туралы айтып өтті.

    Әлеуметтік ұстаз Данагүл Рахатқызымен бастауыш сыныптар арасында :"Зорлық-зомбылықтың"алдын алу мақсатында дәріс сабақтары өтті.

    2022жылдың ақпан айында №25 жалпы білім беретін орта мектеп қабырғасында:" Жақсылық жасауға асығайық" атты қайырымдылық акциясы жарияланды. Акцияның мақсаты: Әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін балаларға көмек көрсету, әр уақытта күшіміздің бірлікте екенің ұғындыру.

    Науқанның ашылу салтанатын мектептің әлеуметтік ұстазы Тастемирова Д.Р. әдемі әсем тілегімен, жылы лебізді ойымен радиотолқын арқылы хабарлады. Науқанымыздың құрметті қонағы болған мектебіміздің жүрегі, анасы Турсынова С. Н.
    "Жанашырлыққа-жан риза" жандарды науқанға қатысуға шақырып, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысуға шақыратынын айтты.

     

     

     


    2021 жылдың 27 желтоқсанында "№25 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ қабырғасындағы көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасы санатынан шыққан оқушыларды Петропавл қаласы әкімі Жұмабеков Болат Серікұлы келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, балаларға арнап электронды кітап, тәтті сыйлықтар мен құттықтау хатын жолдады. Онда: "Сені келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бұл бүкіл жер шарының балалары асыға күтетін мерейлі мереке! Өткен жылы сен көп жетістіктерге қол жеткіздің, өз достарыңнан оза шауып, биіктерден көріне білдің: спорттық және зияткерлік іс-шараларға қатыстың, ақпараттық дағдыларды жете меңгеріп, мектеп ережесін мұқият орындағандар қатарында болдың. Саған Жаңа жылда жаңа қызығушылықтар мен әуестенушілік, батыл идеялар мен үлкен жеңістер тілеймін. 2022 жыл сен үшін ең биік шыңдарды бағындыратын жыл болсын!",- деп жылы лебізін білдірді.

     

     

    "Қатыгезсіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқанының жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп психологі Г.Б.Кабошева 7 сынып оқушыларымен "Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" тақырыбында топтық жұмыс жүргізді. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру.Жаман әдеттен бойлары аулақ ұстап,ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп, тақырыпқа сай постермен жұмыс жасады,оны қорғады.
    "Аяқталмаған тезистер" атты анкетага зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазды.Сабақ соңында Жасөспірімдерге арналған сауалнама сұрақтары алынды.
       

       

        

     


    2021 жылдың қыркүйек айында "Мектепке жол акциясы" қарсаңында Назарбаев интелектуальдық мектебінің мұғалімен валеньтерлері біздің мектептің оқушыларына демеушілік көмек көрсетіп, қайырымды іс жасады. Әрбір жасалып жатқан іс тек отбасылардың емес, жалпы мектептің жүрегінен орын ала білді. Демеушілерімізге алғыс білдіреміз!!!


     Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Қайырымдылық акциясы барысында мұқтаж балаларға қажет мектеп формасы, спорт киімдері мен мектепке қажеттi оқу құралдар табыс етіледі.

    « №25 жалпы білім беретін орта мектеп» 2021 жылдың 1 қыркүйегіне оқушыларды мектеп формасымен, кеңсе тауарларымен киім- кешек заттарымен қамтамасыз етуді қолға алынды. Ең бірінші «Мектепке жол акциясын» жүзеге асыру үшін жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

      

     


    Педагог-психолог: Таласпаев А.Ш.


    «№25 жалпы білім беретін орта мектеп» бойынша « Қауіпсіз интернет» тақырыбында атқарылған жұмыстар есебі.

     
     "Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы" тақырыбында 5ші сынып ата-аналарымен мектеп психологының кездесуі өтті.
     
    Мақсаты:
     
    Балаларды Ғаламтор кеңістігінде күтіп тұрған қауіптерді жинақтау
     
    Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықтимал жолдарын қарастыру
     
    Кибербуллинг белгілерімен және салдарымен, әрі қолдау және көмек көрсету жолдарымен таныстыру

    Тақырыбы: «Менің көз қарасымдағы интернет желісі» атты ойындар

     Мақсаты:  оқушыларды ептілікке,  шыдамдылыққа үйрету.

                         Оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, өзін сенімді сезіну үшін, әрбір іс қолдарынан келетіндігін сезіне білуге жетелеу мақсатында мектеп психологымен "жіп бойындағы суреттер" тренингі және де үзіліс уақыттарында қызықты ойындар ұйымдастырылды.

    Тақырыбы: « Мен және интернет»

    Мақсаты: Оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, және де жалпы әлеуметтік желілер туралы сауалнама жүргізу.

     


    Педагог-психолог: Таласпаев А.Ш.


    Суицид түсінігі қазіргі таңда бәрімізге белгілі ашық айтылуы керек мәселелердің бірі. Көбіне суицидтік мінез – құлық жасөспірімдерде байқалады. Бұл құбылыс жасөспірімдердің жас ерекшеліктерімен байланысты келеді. Соған орай мектеп психологы А.Ш.Таласпаевтың ұйымдастырылуымен 8-11 сыныптар аралығында «Суицид – өте қауіпті дерт»  тақырыбында жұмыстар жүргізілді.

       
      



    Әлеуметтік ұстаз:
    Тастемирова Д.Р. 


    Мектебіміздегі қиын жағдайда қалған отбасыларымызға көмек.
    Мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

    Әлеуметтік ұстаз бен мектеп инспекторының мектеп оқушыларымен кездесуі

      
     



    Мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.
      
      



     


    Педагог-психолог: Таласпаев А.Ш.


    Кибербуллинг

    Жас мамандармен психологиялық тренинг

    Тақырыбы: «Заманауи жас маман»
    Мақсаты:
    Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
    Фото


     

    Педагог-психолог: Таласпаев А.Ш.
    Қазан айының  20-нан 29-на дейін №25 жалпы білім беретін орта мектепте
    1-11 сыныптар оқушылар арасындапсихология онкүндігі өтті. Онкүндіктің тақырыбы «Өзіңді тәрбиелеу – адамдықтың белгісі».
    Мақсаты: психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын белсенділігін арттыру.
    Теледидар арқылы «Қайырлы таң» позитивті психологиялық видеороликтер көрсетілді.
    «Кибербуллинг туралы сөйлесейік» атты вебинар 5-7 сыныптар арасында  Тeams платформасы арқылы түсіндірілді.
    Жас және жаңа келген мұғалімдермен  «Заманауи жас маман» атты психологиялық тренинг жүргізілді. Жас мамандар өз шеберліктерін көрсетіп, өте белсенді қатысты.
    «Стресс және дағдарыс» атты тренинг  9-11 сыныптар арасындаТeams платформасы арқылы өткізіліп, түсіндірілді.
    «Менің күшті жақтарым» атты  видео-челленджді 0-4 сыныптар арасында  аға тәлімгер Әбділда А.А түсіріп, оқушылардың шығармашылығын шындады.
    Танымдық процестерді дамыту мақсатында 0-4 сыныптар арасында  «Үзілістегі ойындар» өткізілді.
    Психикалық денсаулық туралы кеңестер мен жадынамалар әзірленіп, ата-аналар мен оқушыларға таратылды.
    Қорытынды: Нәтижесінде қойылған мақсатқа яғни, психологиялық қызметтің жұмысын насихаттап, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыра алдық  және де оқушылардың шығармашылығы, белсенділігі арттырылды.
     2021 жылдың   19   қаңтар күні     Padlet тақтасын қолданана отырып  9 -11 сынып оқушылары  арасында  «Сенің құқығың»   атты  кездесу өтті.  

      Ондағы  мақсат : Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.


     


     

    «Бүкіл Әлем мен үшін»

    «Салауатты сау әлем»

    Тізім бос

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Біздің сайт сізге ұнайма ???

    Дауыс беру

    Керекті сілтемелер