oC

Дублерлер күні 🎉
Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында бүгін мектебімізде «Дублерлер» күні аталып өтті. Бұл күні дәстүр бойынша 11 сынып оқушылары мұғалімдердің орнына сабақ өткізді. “Дублерлер” барлық келісілген тақырыптар бойынша сабақтарға алдын-ала дайындалды, оларға мұғалімдер көмектесті. Бұл күн оқушыларға жауапкершілік, берілген іске адал және шығармашылық көзқарас сияқты қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Іс-шараға қатысқан оқушылардың барлығы осы қиын іске қызығушылық танытты және ұстаздардың қажырлы еңбегін білді, дегенмен кейбіреулер өздерінің кәсіби қызметін мектеппен байланыстырғысы келетінін мойындады. “Дублер күні” мектеп мұғалімдері мен оқушыларына мектеп өміріндегі ең жарқын және қызықты күндердің бірі ретінде есте қалады және бұл жақсы дәстүр келесі жылда да сақталады. Сонымен қатар, іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдер бір-бірін жаңа қырынан таниды, бұл мектеп ұжымын біріктіруге мүмкіндік береді.
#біртұтас_тәрбие
#дублёркүні